Жансел Дениз Олимпиаданы жеңіспен бастады
Қазақстандық таэквондо спортшысы Жансель Дениз 2020 жылы Токиода өтіп жатқан Олимпиаданы жеңіспен бастады, деп хабарлайды prosports.kz.
1/8 финалда ол өзбекстандық Светлана Осипованы 10: 9 есебімен жеңіп, енді 67 келіден жоғары жарыстың ширек финалында өнер көрсетеді.
Отандасымыз бірінші раундта 4:0 есебімен жеңіске жетсе, екінші раундта 1: 8 есебімен жеңілді, ал үшінші раундта Дениз 5:1 есебімен басым түсті.
Ширек финал бүгін, Нұр-Сұлтан уақытымен 11:30-да өтеді. Ол британиялық Бианка Уолкденге қарсы күш сынасады!
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или