Басқа

Олимпиада-2020: Жансель Дениз алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Олимпиада-2020: Жансель Дениз алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Токио Олимпиадасының бесінші жарыс күні қазақстандық спортшылардың арасынан алғаш болып жарыс жолына таеквондошы Жансель (Жансәуле) Дениз шықты.

67 келіден жоғары сал­мақта Жансель Дениз алғашқы айқасын өзбек спортшысы Светлана Осиповаға қарсы өткізді.

Тартысқа толы өткен жекпе-жекте қазақ спортшысы жеңісті соңғы секундтарда жұлып алды. Есеп - 10:9.

Отандасымыз бірінші раундта 4:0 есебімен жеңіске жетсе, екінші раундта 1: 8 есебімен жеңілді, ал үшінші раундта Дениз 5:1 есебімен басым түсті.

Енді ол ширек финалда британиялық Бианка Уолкденге қарсы шығады. Ширек финал бүгін, Нұр-Сұлтан уақытымен 11:30-да өтеді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер