Олга Рыпакова: «Қазақстан бүгін олимпиаданың ашылуында жарқырап көзге түсті»
Бүгін, 23 шілдеде Токиода Олимпиада-2020 ойындарының ашылуы өтті. Қазақстанның туын көтерген Ольга Рыпакова мен Қамшыбек Қоңқабаев бастаған қазақстандық делегация көпшіліктің назарында болған, деп prosports.kz хабарлайды.
Спортшыларымыз Ұлттық Олимпиада Комитетінің тапсырысы бойынша жасалған арнайы киіммен шеруге барды. Жұмысқа Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің мамандары қатысып, әйгілі алматылық сәнгер Виолетта Иванова дизайнын жасаған.
«Назар өте зор болды, бізді басқа елдердің спортшылары жиі тоқтатып, костюмдерімізді мақтап, суретке түсуді өтінді. Ашылу салтанатынан оралсақ, жылы лебіздерді әлі де естиміз. Бұл өте жағымды, одан әрі көңіл-күйді көтереді. Мен бүгін ашылу салтанатында Қазақстан жарқырап көзге түсті деп сеніммен айта аламын », - деді Рыпакова.
Айта кетейік, Forbes қазақстандық олимпиадашылардың киім үлгісін үздік тер қатарына қосқан еді.