«Әлемге қазақтың ою-өрнегінің әсемдігін көрсету» - сәнгер Олимпиада туын ұстаушылардың киімдері туралы айтты

«Әлемге қазақтың ою-өрнегінің әсемдігін көрсету» - сәнгер Олимпиада туын ұстаушылардың киімдері туралы айтты

Токио-2020 Олимпиадасының ашылу салтанатындағы қазақстандық ту ұстаушылардың костюмдері Ұлттық Олимпиада Комитетінің тапсырысы бойынша арнайы жасалған. Жұмысқа Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің мамандары қатысып, әйгілі алматылық сәнгер Виолетта Иванова дизайнмен және тігіншілікпен айналысқан, деп хабарлайды Olympic.kz.

«Бұл Олимпиаданың жаңашылдығы – делегацияны бастап екі ту ұстаушы, ер адам мен әйел адам бірге шығады. Бүкіл әлем үшін олар Қазақстанның бет-бейнесі болады, сол себепті біз олардың костюмдері біздің мәдениеттің өзіндік ерекшелігін көрсетіп, назар аудартып, бүкіл әлем көрермендерінің есінде қалғанын қаладық», - деп жауап берді Ұлттық Олимпиада комитеті.

«Жұмыс өте жауапты және оны өте қысқа мерзімде жасау керек еді, бірақ мен және біздің шеберхана оны қабылдадық, өйткені менің бұрыннан арманым заманауи үлгіде қазақ костюмдерінің коллекциясын жасау болды. Мен қазақтың ою-өрнегін өте жақсы көремін және оның сұлулығын бүкіл әлемге танытқым келеді, мұндай костюмдерді жасау - бұл үлкен мүмкіндік, - деді<span> </span>Виолетта Иванова.<span> </span>- Менің шабыттануыма ұлттық өнеріміздің құрметке лайық екендігі, ол әдемі және заманауи көрінуі мүмкін екендігі, бізде әлемге танытуға болатын нәрсе бар және біз де трендтерге ілесе алатынымз жайлы ойлар түрткі болды. Костюмдерді көргендегі алғашқы әсер - екі құс, екі аққу, бақыт құстары сияқты».

Әйелдер костюмі қолмен жасалған жібек кестелерімен, жіптермен, жылтырақтармен, моншақтармен безендірілген жібек көйлек пен органза камзолынан тұрады. Ер адамның костюмі - шалбар мен жартылай жүннен тоқылған камзол, қолмен кестелеп безендірілген орамал.

Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіндегі Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер зерттеушілері костюмдерді безендіру, ұлттық ою-өрнектердің символикасы және оларды пайдалану дәстүрлері туралы кеңес берді.

Қазақстан туын ұстаушылар ретінде Олимпиада чемпионы, үш Олимпиаданың қатысушысы және жүлдегері, жеңіл атлет Ольга Рыпакова және бокстан әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Қамшыбек Коңқабаев таңдалды.

«Ольга екеуміз эскиздерді көріп, жұмыс барысына қатыстық, маған костюм ұнады, бұл ерекше энергия мен мағынаға ие киім. Оны кигенде, өзіңді нағыз батыр сезінесің», - дейді бокстан ұлттық құраманың капитаны<span> </span>Қамшыбек Қоңқабаев.

«Костюмдер бірегей, заманауи және сонымен қатар дәстүрлі. Бұл білікті қолөнершілер жасаған жоғары сәнді бұйымдар, олардың керемет жұмыстары үшін менің алғысым шексіз», - деп атап өтті<span> </span>Ольга Рыпакова.

Токиода бірінші рет Олимпиада шеруінде әр елден екі спортшы - әйел мен ер адамдар бірге қатысты. Бұл ХОК-тың гендерлік тепе-теңдікке қатысты ұсыныстары болатын. ХОК-тың мәліметтері бойынша, Жапониядағы Олимпиада ойындарында спортшылар арасында әйелдер өкілдігінің жаңа рекорды - 49%-ға дерлік қол жеткізілді.

ФОТО: Сали Сабиров, Тұрар Қазанғапов. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или