Олимпиада-2020: Денис Ганькин іріктеу кезеңінде 9-орын алды

Олимпиада-2020: Денис Ганькин іріктеу кезеңінде 9-орын алды

Токиодағы (Жапония) жазғы Олимпиада ойындарында садақ атудан ерлер арсындағы іріктеу жарысы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Барлық қазақстандық спортшы жарыстың 27 шілдеде өтетін келесі кезеңіне өтті. Отандастарымыздың арасынан ең жақсы нәтижені Денис Ганкин көрсетті. Ол 9-орынға ие болды. Ильфат Абдуллин 27, Санжар Мұсаев 52-орын алды.

Іріктеуде бірінші орынды Оңтүстік Корея өкілі Дже Док Ким иеленді (688 ұпай). Екінші орын америкалық Брэйди Эллисонға (682), үшінші орын Оңтүстік Кореяның тағы бір спортшысы Чжин Хьюк Оға (681) бұйырды.

Садақ атудан командалық жарыс 26 шілдеде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или