Олимпиада-2020: Ашылу салтанатының тікелей трансляциясы
23 шілдеде Токиодағы (Жапония) Ұлттық стадионда 2020 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді, деп жазады Prosports.kz.
Салтанатты кешті жаркүйерлер алаңнан тамашалай алмайды. Телекөрермендер ту алып шығу сәтін, отшашу және ашылу салтанатының өзге де бағдарламаларын көреді.
Аренаға бірінші болып Греция, ал соңғы болып Жапония шығады. Содан кейін спортшылар, жаттықтырушылар мен төрешілер ант қабылдап, ойындар ашық деп саналады.
Қазақстан құрамасынан боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен жеңіл атлет Ольга Рыпакова ту ұстап шығады.
Олимпиаданың ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады. Ашылу рәсімін Бірінші арнадан тікелей эфирде көруге болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или