Леброн Джеймс – 1 миллиард доллар табыс тапқан алғашқы NBA ойыншысы
«Лос-Анджелес Лейкерс» лидері Леброн Джеймс Ұлттық баскетбол қауымдастығы тарихында 1 миллиард доллар табыс тапқан алғашқы ойыншы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz чемпионатқа сілтеме жасап.
2003 жылдан бері Леброн 330 миллион долларға жуық ресми жалақы және 700 миллион долларға жуық жарнама, тауарлар <span>асту</span> мен БАҚ-тан табыс тапқан.
«Бруклин Нетс» көшбасшысы Кевин Дюрант (580 миллион доллар) және «Голден Стэйт Уорриорз» командасының қорғаушысы Стивен Карри (430 миллион доллар) – зейнетке шықпаған баскетболшылар арасында одан кейінгі ең көп табыс тапқан баскетболшылар қатарында.
Айта кетейік, Леброн Джеймс – екі дүркін Олимпиада чемпионы (2008, 2012), сонымен қатар 2004 жылғы Олимпиада мен 2006 жылғы Әлем кубогының қола жүлдегері. Ол жалпы АҚШ құрамасында 68 матч өткізген.