Олимпиада-2020: Қазақстандық таеквондошылар қашан жарыс жолына шығады
Ертең, 23 шілдеде Жапония астанасы Токиода Олимпиада ойындары басталады, деп жазады Prosports.kz.
ҚТФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, WT таеквондо жарысы «Makuhari Messe Hall» спорттық аренасында 24-27 шілде аралығында өтеді.
Кестеге сәйкес қазақстандық таеквондошылар Руслан Жапаров пен Джансель Дениз соңғы жарыс күні, 27 шілдеде өнер көрсетеді.
Руслан алғашқы жекпе-жегінде 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Германия спортшысы Александр Бахманнмен (Alexander BACHMANN) кездеседі.
Ал 67 келіден жоғары салмақтағы Джансель өзбекстандық Светлана Осиповамен кездеседі.
Айта кетейік, Токиода таеквондо спорты бойынша 128 адам бақ сынайды. Сегіз салмақ дәрежесінің әрқайсысында 16 спортшы қатысады.