2032 жылы ХХХV жазғы Олимпиада ойындарын өткізетін қала белгілі болды

2032 жылы ХХХV жазғы Олимпиада ойындарын өткізетін қала белгілі болды

2032 жылы ХХХV жазғы Олимпиада ойындарын өткізетін қала белгілі болды. Олимпиада Аустралияның Брисбен қаласында өтеді, - деп хабарлайды prosports.kz.

Шешім ХОК-тың 138-сессиясының қорытындысы бойынша қабылданды. Байқаудың ашылу күні 23 шілде болып белгіленді.

2024 жылы Олимпиада Парижде, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтеді.

Айта кетейік, Жапониядағы Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Оған әлемнің 206 елінен барлығы 11 мыңнан астам спортшы қатысады.

Алғашқы ойындар бүгін басталды. Софтболдан жапон әйелдео командасы аустриялиялық қарсыластарын 8:1 есебімен жеңді.

Сондай-ақ, бүгін Италия - АҚШ және Мексика - Канада матчтары, сондай-ақ әйелдер арасындағы футбол кезеңінің бірінші туры өтеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или