Токио Олимпиадасының алғашқы жарысы басталды

Токио Олимпиадасының алғашқы жарысы басталды

Токиода Олимпиада ойындары аясында алғашқы жарыс басталды. Софтболбан жапон әйелдер командасы Аустралиядан келген қарсыластарын ірі есеппен жеңді. 

Кездесу 8:1 есебімен аяқталды. 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының софтбол жарысы 2021 жылы 21 мен 27 шілде аралығында Фукусима мен Иокогамада өтеді. 6 әйелдер командасы бір жүлдені сарапқа салады, ал, ерлер бейсболда күш сынасады.

Бүгін Италия - АҚШ және Мексика - Канада матчтары, сондай-ақ әйелдер арасындағы футбол кезеңінің бірінші туры өтеді.

Ойындардың ашылу салтанаты 23 шілдеге жоспарланған, бірақ кейбір жарыстар дәстүрлі түрде ресми ашылудан ерте басталады.  Көбінесе бұл спортшылар қалпына келуі керек командалық спорт түрлеріне қатысты.

Айта кетейік, Токио-2021 Олимпиадасына елімізден 27 спорт түрінен 95 спортшы қатысады. Төртжылдықтың басты додасында барлығы 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или