Қазақстандық гроссмейстер сенсациялы түрде әлемнің вице-чемпионын жеңді

Қазақстандық гроссмейстер сенсациялы түрде әлемнің вице-чемпионын жеңді

Сочиде өткен Әлем шахмат кубогының үшінші айналымында қазақстандық гроссмейстер Ринат Джумабаев вице-әлем чемпионы америкалық Фабиан Каруанамен ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық ақ түспен ойнаған алғашқы ойын тең аяқталды. Келесі айналымда америкалық шахматшы ақ түспен, Джумабаев қара түспен ойынады. Бұл кезеңде отандасымыздың мерейі үстем келді.  

Микроматты 1,5: 0,5 есебімен жеңген Ринат Джумабаев 1/16 финалға шықты.  Енді ол америкалық Сэм Шанкланд пен украиналық Александр Аверченконың қарсыластарының жеңімпазымен кездеседі.

Бұл кездесуде есеп 1:1, қарсыластар 20 шілдеде қысқартылған регламентпен тай-брейк ойнауы керек.

Айта кетейік, Ринат Джумабаев екінші айналымда ресейлік Александр Мотылевті 1,5: 0,5 есебімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или