Қостанайда триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтті

Қостанайда триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтті

Қостанайда триатлоннан Қазақстан біріншілігі мәресіне жетті. Турнирге жалпы есебі 19 спортшы қатысты. 

Атап айтар болса, ел чемпионатында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола және Қостанай облыстарынан спортшылар бақ сынаған. Қатысушылар олимпиадалық қашықтықта бақ сынады. 

Әйелдер арасында ұлттық рейтинг көшбасшысы Екатерина Шабалина жеңіске жетті. Екінші орында Қостанай облысының өкілі Арина Шульгина. Үздік үштікті алматылық Дарья Бычкова қорытындылады. 

Ерлер арасында елордалық Иван Тутукин чемпион атанды. Күміс жүлдені Темірлан Теміров (Ақмола облысы), қоланы Аян Бейсенбаев (Ақмола облысы) иеленді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или