Руслан Курбанов: Олимпиада алдындағы жаттығуға 19 шілдеде кірісеміз

Руслан Курбанов: Олимпиада алдындағы жаттығуға 19 шілдеде кірісеміз

Семсерлесуден Қазақстан командасының мүшесі Руслан Курбанов Токиодағы Олимпиада ауылына қатысты ойымен бөлісті деп жазады Olympic.kz. 

"Токио қаласына жақсы ұшып келдік. Біздің қауіпсіздігіміз үшін бар жағдай жасалған. Олимпиадалық ауыл да көңілімізден шықты. Тамақтары дәмді. Бізге қалаға шығуға рұқсат жоқ. Тек олимпиада ауылы мен жаттығу залы және жарыс өтетін орын аралығында ғана қатынаймыз. 19 шілдеден бастап дайындық басталады. Әзірге бәрі ойдағыдай", - дейді Курбанов. 

Руслан Курбанов семсерлесуден Токио Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғайтын жалғыз спортшы. Ол шпагамен семсерлесуден сынға түседі. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или