Триатлоннан Қазақстан Ашық чемпионаты мәресіне жетті

Триатлоннан Қазақстан Ашық чемпионаты мәресіне жетті

17 шілдеде Қостанайда Elite және U23 санатындағы спортшылар арасында триатлоннан Қазақстан Республикасының Ашық чемпионаты мәресіне жетті.

Бірінішілікте Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақмола және Қостанай облыстарынан келген 19 спортшы сынға түсті. Сайыскерлер 1500 м жүзу, 40 км велодода мен 10 км жүзуден тұратын олимпиадалық дистанцияда мықтыны анықтады.

Elite санатындағы әйелдер арасында бірінші орынды ұлттық рейтингтің көшін бастап тұрған Нұр-Сұлтан спортшысы Екатерина Шабалина жеңіп алды. Оның қорытынды уақыты – 2:10:45№ Екінші болып мәреге Шабалинаға бес минуттан астам жеңілген Армна Шульгина (Қостанай обл.) жетті. Үздік үштікті алматылық Дарья Бычкова 2:16:56 уақытымен тұйықтады.

Ерлер арасында алтынды астана өкілі Иван Тутукин 1:56:20 уақытымен жеңіп алды. Күміс жүлдені 1:57:26 нәтижесі үшін ақмолалық Темирлан Темиров жеңіп алды. Қола жүлде 1:58:25 нәтижесі үшін тағы бір көкшетаулық Аян Бейсенбаевқа табысталды.

Жиырма үш жасқа дейінгі спотшылар арасында барлығы мәреге жете алмады. Даниил Зубцов (Қостанай обл.) мен Никита Светличный (Шымкент) жүзу кезінде қашықтықты қысқартқандары үшін сайыстан шығарылды. Виталий Андреев (Қостанай обл.) пен Александр Костантинов (Ақмола обл.) сайыс үздігінен бір оралымға артта қалғандықтан мәреге жете алмады. Осылайша, тек екі спортшы ғана құрмет төріне шықты. Бірінші орынды Бексұлтан Каиров (2:24:22) алса, екіншіні шымкенттік Владислав Кудин (2:29:46) алды.

Қыздар арасында сайыс алаңына жалғыз Надежда Бекмаганбетова (Нұр-Сұлтан) шығып, 2:18:24 нәтижесін көрсетті де сәйкес рейтингтік ұпайларын иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или