Олимпиада ауылында коронавирустың алғашқы жағдайы анықталды
Токиодағы Олимпиадалық ауылда коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Індет анықталған адамның азаматтығы, жынысы және жасы туралы ақпарат берілмеді.
Сонымен қатар, ақпарат көзінің хабарлауынша, Олимпиада ұйымдастырушылары арасында инфекцияның 15-ке жуық жаңа жағдайы анықталды.
Айта кетейік, Токио Олимпиадасы 2020 жылдың жазында өтуі керек еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты жарыс бір жылға шегерілді. Енді ол биыл 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді, бірақ жарыста шетелдік жанкүйерлер бара алмайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или