Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасына аттанды

Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасына аттанды

Қазақстандық спортшылар жазғы Олимпиада ойындары өтетін Токио қаласына аттанды, деп жазады Prosports.kz

Олимпиада комитетінің хабарлауынша, 16 шілдеде олимпиадалық команданың негізгі бөлігі Жапонияға жол тартты. Алматыдан бірінші рейспен 128 адам Токионы бетке алды. Олардың қатарында спортшылар, бапкерлер, дәрігерлер, ғылыми-кешенді топ мүшелері, Олимпиададағы Қазақстан Миссиясының өкілдері бар. 

Токиоға «Ақбұлақ» олимпиадалық базасынан каратэшілер, садақ атушылар, үстел теннисі мен семсерлесу командасы, ауыр атлеттер мен боксшылар аттанды. Өзге де жаттығу базаларынан жүзу спортының, су добы спортының өкілдері, жеңіл атлеттер, велошабандоздар, стенд ату мен нысана көздеуден құрама командалар, сондай-ақ, дзюдошылар Токиоға жол тартты. 

Атлеттер екі апталық карантинде болып, соңғы жаттығу жиындарын Алматы қаласы мен Алматы облысында өткізді. Ойын қарсаңындағы соңғы күндерді спортшылар оқшаулану режимінде өткізіп, сыртқы әлеммен байланысқа түскен жоқ. 

28 шілдеге<span> </span>жоспарланған екінші рейспен Жапонияға<span> </span>43 адам<span> </span>жол тартады. Олардың қатарында балуандар, көркем гимнастикадан Қазақстан командасы, әртістік жүзу, бессайыс және жеңіл атлеттердің бір бөлігі бар. 

Қазақстан олимпиадалық командасының сапында 97 лицензия жеңіп алған 96 спортшы бар. 

Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 23 шілде күні Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де Токио стадионында басталады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или