Триатлоннан ересектер арасындағы ел чемпионаты өткізілмейтін болды

Триатлоннан ересектер арасындағы ел чемпионаты өткізілмейтін болды

Триатлоннан Павлодар қаласында өтуі тиіс Қазақстан біріншілігі кейінге қалды. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлайды деп жазады Olympic.kz.

Ел чемпионатының өткізілмеуіне басты себеп – Павлодар облысындағы карантиндік шектеулердің күшейтілуі. Шектеулерге байланысты аймақта спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.

Осылайша, 2021 жылғы жарыс кестесіне бірқатар өзгерістер енді. 24 шілдеде Павлодарда өтеді деп жоспарланған ересектер арасындағы Қазақстан біріншілігі ұйымдастырылмайды.

Сондай-ақ, 7 тамыздағы жастар ойыны Қарағанды облысындағы Сарань қаласына ауыстырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или