Қостанайда триатлоннан ашық чемпионат өтеді
17-18 шілдеде Қостанайда Elite және U23 санатындағы спортшылар арасында триатлоннан Қазақстан Республикасының Ашық чемпионаты өтеді.
Триатлоннан Қазақстан Республикасының Ашық Чемпионаты – Қазақстандық Триатлон Федерациясының бастамасымен өткізілетін кәсіби триатлоншылар арасында өткізілетін ұлттық турнир.
Бірінші сайыс күні сайысқа еліміздің түрлі аймақтарынан келген 18 жастан асқан кәсіби спортшылары сынға түседі. Спортшылар 1500 м жүзу + 40 км велодода + 10 км жүгіруден құралатын стандартты қашықтықта сайысатын болады.
Екінші сайыс күні PRO және Age Grouр санатындағы триатлоншылар арасында «TEMIRADAM» Кубогының ІV кезеңі өткізіледі. Қазақстанның барлық облыстарынан келген 200 астам әуесқой спортшылары 750 км жүзу, 20 км веложарыс пен 5 км жүгіруден құралған спринт қашықтығын бағындыратын болады.