Қазақстандық гимнастар Мәскеудегі әлем кубогы кезеңіне қатысады

Қазақстандық гимнастар Мәскеудегі әлем кубогы кезеңіне қатысады

Көркем гимнастикадан Мәскеуде өтетін әлем кубогы кезеңінде бақ сынайтын қазақстандық спортшылар анықталды. 

Аталған сынға Сабина Бакатова мен Эльжана Таниева қатысады. Турнир 9-11 шілде аралығында Мәскеуде өтеді. Бәсекеге 17 мемлекеттің спортшылары келеді деп күтілуде.

Турнир көрермендердің қатысуынсыз өтеді. Кубоктық кезең 2020 жылдың 12 шілдесінде өтуі тиіс болатын. Коронавирусқа байланысты бәсекег биылға ауыстырылды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или