Токио Олимпиадасының чемпиондарына қанша сыйақы беріледі?

Токио Олимпиадасының чемпиондарына қанша сыйақы беріледі?

Токио Олимпиадасында жүлде еншілеген спортшыларға қанша сыйақы берілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты. 

2020 жылы Олимпиада жеңімпаздары мен олардың бапкерлеріне арналған сыйақы мөлшері бойынша ереже қабылданған болатын. Осы ережеге сәйкес, бірінші орын алған спортшы мен оның бапкеріне 250 мың доллардан беріледі. Бапкерлерге берілетін төлемақының 10 пайызы сол спортшыны алғаш тапқан бапкерге беріледі. 80 пайызы спортшыны дайындаған бапкерге, қалған 10 пайызы бас бапкерге беріледі", - деді Райымқұлова.

Райымқұлованың сөзінше, Олимпиаданың күміс жүлдегерлеріне 150 мың, қола медаль иелеріне 75 мың доллардан табысталады.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасы 23 шілде мен 8 тамыз арасында өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или