Спорттық құзға өрмелеу: Хайбуллин әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Бұл күндері Швейцарияда спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр. Қазақстандық спортшы Ришат Хайбуллин жарыстың финалына шықты.
Жарыс нәтижесі бойынша жылдамдық санатында сынға түскен Ришат Хайбуллин оныншы орынға ие болып, жарыстың финалына жолдама алды.
Әмір Маймұратов іріктеу нәтижесі бойынша 26-орынға, Бекнұр Алтынбеков 35-орынға, Алишер Мұрат 39-орынға ие болды.
Әйелдер арасындағы жарыстарда Тамара Ұлжабаева 28-орынға ие болып, ең жақсы нәтижеге қол жеткізді. Әсел Марленова 34-ші қатардан көрінді.
Бүгін, 2 шілде күні финалдық бәсекелер өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или