Көркем гимнастикадан ел чемпионаты: Жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды

Көркем гимнастикадан ел чемпионаты: Жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды

Павлодарда спорт шеберлігіне үміткер қыздар арасында көркем гимнастикадан Қазақстан біріншілігі ұйымдастырылды. 

Көпсайыс қорытындысы бойынша шымкенттік Милана Парфилова жеңіске жетті. Ол төрт жаттығу қорытындысы бойынша 81.150 ұпай жинады.

Екінші және үшінші орынды елордалықтар Айым Мейіржанова (79.150) мен Эрика Жайлауова (74.700) иеленді. 

Топтық жаттығуда Нұр-Сұлтан командасы топ жарса, күмісті Шымкент қаласы, қоланы Павлодар облысы иеленген. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или