V Спорттық Жастар ойындары өтіп жатыр

V Спорттық Жастар ойындары өтіп жатыр

V Жастар арасындағы спорттық ойындары өтіп жатыр. Ойындардың бағдарламасына 36 жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша жарыстар енген.

Айта кетейік, аталған жарыс төрт жылда бір рет өткізіліп тұрады. Жарысқа еліміздің 3 қаласы мен 14 облысынан спортшылар қатысып жатыр.

Бүгін 29 спорт түрі бойынша жарыстың нәтижелері шықты. Бірінші орында Алматы қаласы (931 ұпай), екінші орында Алматы облысы – 872, үштікті Шымкент қаласы түйіндейді- 810 ұпай.

Жастар ойындары 10 наурызда ашылған болатын. Жарыстың ашылуына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы Серік Сәпиев қатысқан.

Бұл ойындар осы жылдың наурыз-тамыз айлары аралығында өтеді. Жарыстың жабылуы – Теміртау қаласында 1 тамызға жоспарланып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или