Ашық суда жүзуден Қазақстан чемпиондарының есімі анықталды

Ашық суда жүзуден Қазақстан чемпиондарының есімі анықталды

Қапшағайда ашық суда жүзуден Қазақстан біріншілігінің бесінші жарыс күні өтіп жатыр.

Бүгін спортшылар теңіздік миль (1852 метр) бойынша жарысудан өзара жеңімпаздарды анықтады.

Әйелдер арасында Ақтөбе облысының өкілі Диана Тасжанова жеңіске жетті. Екінші орында Дарья Пушко (Шымкент), үшінші сатыда Әсем Мелисова (Талдықорған).

Ерлер арасында ақтөбелік Виталий Худяков топ жарды. Екінші орынды Лев Черепанов (Алматы), үшінші орынды Ғалымжан Балабек (Талдықорған) иеленген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или