Садақ атудан әлем кубогы: Қазақстандық спортшылардың нәтижесі
Францияның Париж қаласында садақ атудан әлем кубогының үшінші кезеңі аяқталды. қазақстандық спортшылардың нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз.
Ерлер арасындағы олимпидалық айналымда ең жоғарғы нәтижені Ильфат Абдуллин тіркеді. Ол 9-орын иеленді. Ал Санжар Мұсаев, Сұлтан Дүзелбаев және Денис Ганькин 57-орында.
Әйелдер арасындағы олимпиадалық айналымда Фарида Тукебаева 33-орын алса, Анастасия Баннова, Алина Ильясова және Гаухар Игібаева 57-сатыдан көрінді.
Командалық сында Қазақстанның командасы 17-орын алса, аралас командалық бәсекеде 9-орын иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или