ММА

Шавкат Рахмонов UFC-дегі екінші жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алды?

Шавкат Рахмонов UFC-дегі екінші жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алды?
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC турнирінде өткізген жекпе-жегі үшін алған сыйақысының мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) UFC Fight Night 190 турнирінде Рахмонов бразилиялық Мишель Празериспен (26-4) кездесті. Жартылай орта салмақтағы (77.1 кг) жекпе-жек екінші раундта аяқталды - Шавкат қарсыласын партерде қылқындыру әдісімен жеңді.

Шавкат Рахмеонов жекпе-жек үшін 40 мың доллар сыйақы алды. Оның ішінде, 18 000 - айқасқа шыққаны үшін, 18 000 - жеңіске жеткені үшін және 4 000 қосымша сыйақы.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов карьерасында 14, америкалық промоушндегі 2-ші жеңісіне қол жеткізді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер