Хайбуллин Австриядағы әлем кубогы кезеңіне қатысып жатыр

Хайбуллин Австриядағы әлем кубогы кезеңіне қатысып жатыр

Австрияның Инсбурк қаласында спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогы кезеңі басталды. 

Әлемдік жарыста Қазақстан атынан Ришат Хайбуллин де сынға түсуде. Ол "қиындық" бағдарламасы бойынша іріктеуден кейін 38-і орын алды. 

Аталған бағдардама бойынша әзірге чехиялық Адам Ондра көш бастап келеді. Екінші орында австриялық Якоб Шуберт, үшінші сатыда германиялық Александр Мегос тұр. 

Ришат Хайбуллин бір айдан кейін басталатын Токио Олимпиадасында ел намысын қорғайды. Ол 2019 жылғы әлем чемпионатында Олимпиада лицензиясын иеленген болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или