Триатлоннан ұлттық құрама Нұр-Сұлтанда ОЖЖ өткізіп жатыр

Триатлоннан ұлттық құрама Нұр-Сұлтанда ОЖЖ өткізіп жатыр

Ұлттық құрама мүшелері астанадағы оқу-жаттығу жиынын жалғастыруда. Жиынның басты мақсаты – алда келе жатқан Азия чемпионатына дайындалу.

«Жаттығуларымыз осы жылдың басты додасы өтетін жер Астана Триатлон паркінде өтіп жатыр. Сонымен қатар, астананың барлық спорттық инфрақұрылымын пайдаланып жатырмыз. Бұл жиынның басты мақсаттары: құрама мүшелері арасындағы техникалық әрі тактикалық қатынасты қалыптастыру, сайыс болатын жерді тыңғылықты зерттеу және маусымның негізгі сайысына жақсы дайындықпен келу», - деп пікір білдірді құраманың аға бапкері Мұрат Әубәкіров.

ОЖЖ аяқталғаннан соң спортшыларымыз 10 шілдеде Бурабайда болатын аралас эстафетадан болатын ұлттық чемпионатта сынға түспек.

Еске сала кетейік, аралас эстафета және U19, U23 санатындағы спортшылар арасындағы Азия Чемпионаты Нұр-Сұлтан қаласында 3–5 қыркүйекке жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или