Смайыл Дүйсебай: Чемпион болуға барымды саламын
WT Таеквондодан Азия чемпионаты Бейрутта (Ливан) өтті. Осы жарыста күміс медаль жеңіп алған Қазақстан құрамасының спортшысы Смайыл Дүйсебай Olympic.kz сайты үшін турнирдің қорытындысын шығарды.
«Мен Азия чемпионатына екі дүркін чемпион болу міндетімен барған едім. Өкінішке орай, ақтық кездесуде кореялық спортшысаны жеңіліп қалдым. Жеңімпаздың тағдырын бір-ақ ұпай шешті. Континенттік біріншілігінен кейін мен рейтингтік турнирге қатыстым (G2 «Beirut Open»). Онда да бірінші бола алмадым, Мысырдан келген қарсыласыма жеңілдім.
Екі турнирден де алтынсыз қайтқанымды қоспағанда, жарыстар өте жақсы өтті. Пандемия кезінде көп нәрсені жіберіп алдық. Турнирлер жалғасады деп үміттенеміз. Келесі кезең – Әлем чемпионаты мен Универсиада», - деді Смайыл.