Қазіргі бессайыстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысады

Қазіргі бессайыстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысады

Қазақстандық спортшылар қазіргі бессайыстан әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

<span>Мысырдың Каир қаласында қазіргі бессайыстан әлем чемпионаты басталды. Аталған жарыс Токио Олимпиадасы қарсаңындағы соңғы іріктеу додасы ретінде өткізіледі.  </span>

<span>Бүгін қазақстандық Елена Потапенко жартылай финалда бақ сынайтын болса, 11 маусым күні Владислав Сухариев жарыс жолына шығады.  </span>

<span>Аталған дүниежүзілік біріншілік 14 маусымға дейін жалғасады. Осымен іріктеу жарыстары аяқталып, қалған жолдамалар әлемдік рейтинг бойынша үлестіріледі.  Айта кетерлігі, қазіргі бессайыс бойынша Олимпиада ойындарына барлығы 72 спортшы қатысады. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или