Жансая Әбдімәлік «Дара» орденімен марапатталды

Жансая Әбдімәлік «Дара» орденімен марапатталды

Қазақстан шахмат федерациясының президенті, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов бүгін атақты қазақстандық гроссмейстер Жансая Әбдімәлікпен кездесіп, Шахмат федерациясының ең жоғары наградаларының бірі – «Дара» орденін тапсырды.

<span>Естеріңізге сала кетейік, Гибралтардағы әйелдер арасындағы шахматтан Гран-при кезеңіндегі ойынының қорытындысы бойынша Жансая Әбдімәлік тарихи жетістіктің авторы болды. Бірде-бір ойында жеңілмеген шахматшы мәртебелі жарыста мерзімінен бұрын жеңіске жетіп қана қоймай, сонымен қатар халықаралық гроссмейстер атағын алған алғашқы қазақстандық, сондай-ақ Орталық Азия өкілі болды.</span>

<span>Бейбіт Атамқұлов спортшыны жетістігімен шын жүректен құттықтап, еліміздің спорт жетістіктері қазынасына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, шахматшыға жаңа жетістіктер тіледі.</span>

<span>Айта кетейік, Жансая Әбдімәлік – қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер. Өзінің алғашқы атағын Жансая Әбдімәлік алты жасында, 2006 жылы Алматы қаласының чемпионатында 8 жасқа дейінгі қыздар арасында жеңіп алған.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или