Андрей Крюков FINA бюросына қайта сайланды
Қазақстан су спорты түрлері федерациясының президенті Андрей Крюков Халықаралық жүзу федерациясының басқарушы органы – FINA атқарушы комитетінің бюросының құрамына үшінші рет сайланды, деп хабарлайды Olympic.kz.
<span>Оның кандидатурасына 316 делегат дауыс берді. </span>
<span>Крюков 2013 жылдан бері бюро мүшелігіне енген. 2017 жылы ол әлемдік судобының басшысы қызметіне тағайындалып, ең қысқа мерзімде олимпиада бағдарламасына енетін аталған спорт түріне үлкен реформа жүргізді.</span>
<span> Бюродағы өкілеттік 2025 жылға дейін жалғасады. </span>
<span> Андрей Крюков – Қазақстан ҰОК бас хатшысы 2013 жылдан бері FINA бюросында Азия құрлығының атынан қызмет етеді. Сондай-ақ, ол 2006 жылдан бері Азия жүзу федерациясының AASF вице-президенті. Басқа да спорттық федерациялардың, атап айтқанда, Азия Олимпиада кеңесінің (АОК), Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA), Ұлттық Олимпиадалық Комитеттер Қауымдастығының (ҰОКҚ) құрамына енеді.</span>