Әйелдер арасында шахматтан халықаралық фестиваль өтеді

Әйелдер арасында шахматтан халықаралық фестиваль өтеді

11 маусымда әйелдер арасында Queens’ Festival жаһандық онлайн-шахмат фестивалі басталады. Фестиваль аясында шахмат бойынша құрлықтық және жаһандық турнирлер мен білім беру іс-шаралары өткізіледі.

FIDE (Халықаралық шахмат федерациясы) Әйелдер шахмат комиссиясы мен FIDE іс-шаралар комиссиясымен бірлесіп, Азия шахмат федерациясы, Африка шахмат конфедерациясы, Еуропаның шахмат одағы және Америка шахмат конфедерациясының қолдауымен ұйымдастырылған бірегей, жан-жақты іс-шара, шахмат өмірінің барлық аспектісіне әйелдерді қатыстыру және әлемде әйелдердің мықты шахмат қоғамдастығын дамытуды көздейді.

Netflix арнасының «Патшайымның жүрісі» (Queen`s Gambit) сериалының танымалдығы мен жетістігіне негізделген бұл іс-шара, дүниежүзіндегі әйел шахматшыларды, шахмат ойынын ұйымдастырушыларды, төрешілерді және түрлі деңгейдегі шахматшыларды біріктіреді. Азия, Америка, Африка және Еуропа шахматшылары Queen`s Finals жеке және команда бойынша финалға өту мүмкіндігі үшін алдымен онлайн блиц іріктеу турнирінде бақ сынайды.

Турнирге қатысуға өтінішті 5 маусымына дейін Қазақстан шахмат федерациясының office@kazchess.kz электронды поштасына жібере аласыздар.<span> </span>Айта кетейік, фестивальге қатысу жарнасы 10 еуро. 

Фестиваль аясында FIDE Басқарушы директоры Дана Рейзниеце-Озола,<span> </span>қазақ гроссмейстері Динара Садуақасова<span> </span>және басқа да арнайы қонақтардың қатысуымен семинарлар мен түрлі іс-шаралар өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или