Жүзуден Литвадағы іріктеу турнирі: Әділбек Мусин алтын медаль жеңіп алды

Жүзуден Литвадағы іріктеу турнирі: Әділбек Мусин алтын медаль жеңіп алды

Жүзуден Қазақстан командасының мүшелері Литвадағы іріктеу турнирінің финалдық сынын аяқтады. Ел қоржыны турнирдің алтын жүлдесімен толықты деп хабарлайды Olympic.kz.

Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден жеңімпаз атанды. Ол аталған қашықтықты 23.75 секунда жүзіп өткен.

Айта кетелік, аталған қашықтық Олимпиада бағдарламасына енбейді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анастасия Резванцева үшінші орын иеленген болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или