«Азия алға басып келеді». Бас бапкер академиялық есуден басты қарсыластарды атады

«Азия алға басып келеді». Бас бапкер академиялық есуден басты қарсыластарды атады

Академиялық есуден Қазақстан командасының бас бапкері Токиода өткен лицензиялық турнирден соң аталған спорт түрінің Азиядағы даму қарқынына баға берді.

«Жапония Олимпиаданы қабылдаушы мемлекет ретінде жолдама алып қойған. Сондықтан, олардың нәтижесі лицензияға әсер етпейді. Демек, біздің Яковлев іріктеу сынын екінші орынмен аяқтады деуге негіз бар. Әрине, жыл санап Азиядағы қарсыластардың қарқыны артып келеді. Мұндағы нағыз көшбасшы – Қытай командасы. Олар әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Олимпиада тікелей жолдама алып қойған.

2019 жылғы әлемдік сында олар ешкім күтпеген сенсация жасап, үш алтын, бір күміс жеңіп алды. Яғни, құрлықта ғана емес, әлемде көш бастап тұрған команда. Олармен жарысу бізге қиын екені анық. Ал Азиядағы өзге командалармен иық тірестіре аламыз.

Мәселен, Токиодағы іріктеу турнирінде Азиядағы басты қарсыластарымыздың өзі функционалдық тұрғыдан біздің спортшылардан әлсіз көрінді. Бірақ суда үзіліссіз жаттыққан соң, жалпы нәтижеге бәрібір өзгеріс енеді», - дейді Владимир Белоногов. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или