АҚШ конгресі Қытайдағы Олимпиадаға бойкот жасауға шақырды
АҚШ конгресі 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жасауға шақырды, деп жазады Prosports.kz сайты.
«Дипломатиялық бойкот жасауға шақырғандарға қосылып, өзгелерге де бізге қолдауға шақырамын.
Әлемдегі көшбасшы елдердің басшылары Қытайдағы Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартуы қажет. Мемлекет басшылары Қытайға барып, Қытай үкіметіне құрмет-қошемет көрсетуден аулақ болайық», – деді АҚШ конгресінің өкілдер Палатасының спикері Нэнси Пелоси.
Айта кетейік, Бейжіңдегі Олимпиада 2022 жылы 4-20 ақпан аралығында өтеді деп жоспарланған. Алайда біршама елдер Қытай үкіметінің Шыңжаң автономиялық аймағындағы озбырлық саясатын сынға алып, Олимпиадаға бойкот жасауға үндеп жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или