Ой қорыту
Бокс

Бекзад Нұрдәулетов Азия чемпионатына қатысады

Бекзад Нұрдәулетов Азия чемпионатына қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Ұлттық құраманың мүшесі Бекзад Нұрдәулетов Біріккен Араб Әмірлігінде өтетін Азия біріншілігінде бақ сынайды. Бұл туралы Маңғыстау облысы бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Азия чемпионаты 21 мамырдан 1 маусымға дейін Дубай қаласында өтеді. Оған 40-тан астам мемлекет қатысуы мүмкін. Әрине, барлық боксшыдан үміт күтеміз. Неше жүлде алатынымызды Алла біледі. Көбірек алуға тырысамыз. Өз болжамым... екі алтын... Екі алтынға қол жеткізуге мүмкіндік бар. Одан да көбірек алуға болады. Жігіттеріміз барын салып жатыр. Азия біріншілігіне барған барлық боксшыларымыз алтын үшін күреседі, күш салады" - дейді бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев.

Ел намысын қорғайтын боксшылар:

49 кг Даниял Сәбит (БҚО),

52 кг Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы),

56 кг Сабырхан Махмұд (Шымкент қаласы),

60 кг Серік Теміржанов (Павлодар облысы),

64 кг Закир Сафиуллин (Шымкент қаласы),

69 кг Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды облысы),

75 кг Әбілхан Аманқұл (Жамбыл облысы),

81 кг Бекзад Нұрдәулетов (Маңғыстау облысы),

91 кг Василий Левит (Нұр-Сұлтан қаласы),

+91 кг жоғары Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда облысы).

Айта кетейік, биыл Үндістанда өтуі тиіс Азия чемпионаты Нью-Делиде коронавирус індетінің асқынып кетуіне байланысты Біріккен Араб Әмірлігіне ауыстырылды. Бұл туралы Азия бокс конфедерациясы хабарлады.

Айбек МҰХАНОВ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер