Яковлева: Олимпиадаға іріктеу жарысы алдындағы соңғы жаттығуға кірістік
Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Польшаның Гданьск қаласында шеберліктерін шыңдап жатыр. Бас бапкер Анна Яковлева кезекті жаттығу жиынының мақсаты туралы айтты.
<span>- Қазіргі таңда спортшылар Польшада оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Жаттығудың мақсаты Олимпиада ойындарына іріктеу жарысына дайындық. Олимпиадаға іріктеу додасы 12-20 маусымда Монакада өтеді. </span>
<span>Жаттығу жиынға Польшаны таңдау себебіміз ауа райы, сағат белдеуі және спортшыларға жасалған жағдай іріктеу өтетін аймаққа ұқсайды. </span>
<span>Соңғы жиында біз спортшылардың командалық ойындағы әрекетін саралап, әр спортшыға қойылған тапсырма бойынша жұмыс істейміз, - дейді бас бапкер Анна Яковлева. </span>
<span>Айта кетерлігі, регбишілер мамырдың 19-ына дейін Польшада дайындықтарын пысықтайды.</span>