Льюис Хэмилтон Испания Гран-приін жеңіп алды

Льюис Хэмилтон Испания Гран-приін жеңіп алды

Барселонадағы «Каталунья» трассасында Формула-1 Испания Гран-приі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеті дүркін әлем чемпионы, Mercedes командасының өкілі Льюис Хэмилтон жарыс жеңімпазы атанды. <span>«Ред Буллдағы» Ферстаппен екінші орын алды. Ал Хэмилтонның әріптесі Валттери Боттас мәре сызығын үшінші болып кесті. </span>

Жеке есепте Льюис Хэмилтон 94 ұпаймен бірінші орынды сақтап қалды, Ферстаппен 14 ұпайға қалып келеді (80). 47 ұпайы бар Боттас үшінші орынға жайғасты.

Конструкторлар кубогында Мерседес көш бастап тұр - 141.

Күнтізбедегі келесі жарыс - 23 мамыр күні өтетін Монако Гран-приі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или