Екі адамдық каноэден Қазақстан командасы тағы бір жолдама жеңіп алды

Екі адамдық каноэден Қазақстан командасы тағы бір жолдама жеңіп алды

<span>Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде есуден Азия аймақтық іріктеу турнирінде Қазақстан қоржынына тағы бір жолдама түсті.  </span>

<span>Әйелдер арасында каноэмен 500 метрге жарысудан сынға түскен Маргарита Торлопова мен Светлана Усова өз тобында жеңіске жетіп, тиісінше Олимпиада жолдамасын иеленді. </span>

<span> Олар Индонезия, Иран және Таиланд спортшыларын артта қалдырған.  </span>

<span>Бұл каноэшілердің екінші жолдамасы. Бұған дейін Сергей және Тимофей Емельяновтар жеңіске жетіп, лицензия ұтып алған болатын. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или