Регбиден Қазақстан құрамасы Польшада жаттығу жиынын өткізеді
Регбиден Қазақстан әйелдер құрама командасы Польшаға оқу-жаттығу жиынына аттанады.
7-19 мамыр аралығында ұлттық құрама сптртшылары Польшаның Гданьск қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысады. Оқу-жаттығу жиыны барысында Қазақстан мен Польша құрамалары өзара жолдастық кездесулер өткізеді деп жоспарланған.
Айта кетерлігі, аталған оқу-жаттығу жиыны Олимпиада ойындарының жолдамасы сарапқа салынатын іріктеу сынына дайындық болып саналады.
Олимпиада ойындарына финалдық іріктеу турнирі 19-21 маусым күндері Монакода өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или