Слаломды есуден Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты

Слаломды есуден Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты

Қазақстандық спортшылар слаломды есу бойынша Азия іріктеу турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін, 1 мамыр күні Тайландтың Паттайя қаласында саломды есуден Олимпиада ойындарына Азия құрлықтық лицензиялық турнирі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде іріктеу сындары өтіп, жартылай финалға өткен спортшылар анықталды.

Қазақстан сапынан Азия іріктеу турнирінің жартылай финалына өткен спортшылар тізімі келесідей:

К 1 М (ерлер, қайық) – Роман Таштамышев С 1 W (әйелдер, каноэ) – Анастасия Анантьева С 1 М (ерлер, каноэ) – Александр Куликов, Қуаныш Еренғайыпов К 1 W (әйелдер, қайық) – Екатерина Смирнова, Екатерина Таранцева.

Айта кетерлігі, Азия іріктеу турнирінің жартылай финал және финалдық сындары ертең, 2 мамыр күні өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или