«Психологиялық тұрғыдан қате жібердім». Саттархан Назарбай Ташкенттегі сәтсіздігін түсіндірді

«Психологиялық тұрғыдан қате жібердім». Саттархан Назарбай Ташкенттегі сәтсіздігін түсіндірді

Семсерлесуден Ташкентте аяқталған Азия-Океания аймақтық іріктеу турнирінде сабляшы Саттархан Назарбай жартылай финалда ұтылды. Токио Олимпиадасынан сырт қалған спортшы турнирдегі сәтсіздік себебін түсіндіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті, деп жазады Olympic.kz

<span> «Лицензиялық турнирдің жартылай финалында ұтылғанымды психологиялық тұрғыдан кеткен қателік деп білемін. Жолдама алсам деген ойдың шырмауынан шыға алмай қалдым. Денем қатып қалды да, бұйрыққа көнбей қойды. Бұл жарысқа құрлықтағы ең үздік деген спортшылар қатысты. </span>

<span>Топтық жарыста өз тобымдағы жеті адамның бесеуін ұттым да, жеребе бойынша екінші орынмен негізгі айналымға өттім. Содан соң, австралиялық қарсыласымды көп күш жұмсамай, оңай жеңгенмін. Жартылай финалда Өзбекстан өкілінен ұтылдым. Жоғарыда айтқанымдай, психологиялық тұрғыдан қате жібердім. Оның үстіне, жарыс қожайындарына төрешілердің де көзқарасы оң болды. Жеңілуімнің басты себептері осы деп ойлаймын. Ал турнирге тынымсыз дайындалдық. </span>

<span>Ғаламдық пандемияның суығы бізге де тиді. Десе де, бұл жалғыз біздің емес, әлем спортшыларының басындағы жағдай. Сондықтан, жаттығу процесіне еш шағым айта алмаймын. Лицензиялық турнирге тек жеңіс үшін келіп едім, бірақ бұл жолы маған сәттілік жетпеді. Енді осы қателіктерден сабақ алып, Париж Олимпиадасына жолдама алуға тырысамыз», - дейді Саттархан.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или