Триатлоннан Қазақстан кубогының бірінші кезеңі Қапшағайда өтеді
2021 жылдың 1 мамырынан 2 мамырына дейін Қапшағай су қоймасында триатлоннан Қазақстан кубогының бірінші кезеңі өтеді, деп жазады Prosports.kz.
Сондай-ақ, шара аясында TEMIRADAM кубогы өтеді деп жоспарланған.
1 мамырда Elite категориясындағы триатлоншылар арасында ITT спринттік қашықтықтағы медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Ол үш кезеңнен тұрады: 750 метрге жүзу, 20 шақырым велосипед, 5 шақырым жүгіру.
Спортшылар 2 мамырда Қазақстан кубогымен бірдей қашықтықта өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или