«Жоспардағыдай болмады»: Бас бапкер тиатлоннан Азия біріншілігіне баға берді
Триатлоннан Жапонияның Хатцукаичи қаласында өткен Азия чемпионаты Қазақстан командасы үшін айтарлықтай табысты болған жоқ. Ерлер арасындағы бәсекеде Дарын Қонысбаев 8-ші, Аян Бейсенбаев 9-шы орын иеленсе, қыздар арасындағы жарыста Арина Шульгина мен Екатерина Шабалина тиісінше бесінші және алтыншы орыннан көрінді. Бас бапкер Нұржан Үсіпбековтің айтуынша, спортшылар нәтижесіне чемпионатты ұйымдастырудағы кемшіліктер де әсер етуі мүмкін деп жазады Olympic.kz.
"Жапония Триатлон Одағы чемпионатты тиісті жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізді. Төрешілердің жұмысына ешқандай ескертуім жоқ. Бірақ біріншілік барысында шектеу көп болды. Олардың көбісін қолдаунбауға да болатын еді. Сайыс алдындағы карантин өте нашар ұйымдастырылды. Бұрын айтқанымдай, ұйымдастырушылар спортшылардың жаттығуына ешқандай жағдай жасамады. Алайда, бұл шектеулер бізге кедергі бола алмады, себебі команда бәріне дайын еді.
Тек тамақтану жағы бізге қиын соқты. Спортшылар жай айтқанның өзінде өте нашар тамақтанды: Бізге экзотикалық әрі нәрсіз болды тағамдар берді. Спортшылардың тамақтануы жайында жергілікті ұйымдастыру комитетімен ойласқан едік, бізге жерорта теңізінің өнімдерін беретін болып алдын ала келіскенбіз. Өкінішке орай, бұл орындалмады. Спортшылар өз ағзалары үйренген спорттық тағамдармен барынша азықтанса да, құнарлы салауатты тамақ қажет болды.
Осындай шаралардың салдарынан карантинде болған барлық құрама командалар Қытай және Жапония атлеттерімен салыстырғанда бар мүмкіндіктерін көрсете алмады. Азиядағы үздік желаяқтардың бірі Оскар Коггинс өзінің сүйікті спорт түрі – жүгіруден үш жапондықты алға шығарып алды. Гонконг құрамасының бапкері өз шәкіртінің мұндай нәтижесіне қатты көңілі толмады.
Менің де абсолютті нәтижеге көңілім толмады. Жоспар бойынша Дарын Қонысбаев бесінші орынға, Аян Бейсенбаев – сегізінші орынға, Арина Шульгина - үздік үштікке енеді деп ойлаған едік. Арина сайыс басталарда тағамнан уланғанын ескерсек, көрсеткен нәтижесін жақсы деп бағалаймын. Команданың ұпайын түгелдеумен болған Екатерина Шабалина қуантты. Өзі медаль үшін күресе алатынын біле тұрса да, ол жарыс бойы Аринаға көмектесумен болды.
Шабалина медаль алудан гөрі лицензия үшін ұпай жинау маңызды екенін түсініп, Аринаның қорытынды хаттамада барынша жоғарғы орыннан көрінуін қамтамасыз етті. Соңғы метрлерде Катяның арқасында Гонконг спортшысы Браунның алын орап, көбірек ұпай жиналды. Жапондық әріптестеріміз жасаған жағдайды ескерсек, жалпы нәтижеге көңілім тоқ", - дейді бас бапкер.