Әйгерім Сарыбай: Финалда психологиялық тұрғыдан дайын болмадым
Ташкентте семсерлесуден Азия іріктеу турнирі аяқталды. Жарыс жеңімпаздарына Олимпиада ойындарының жолдамасы үлестірілді. Құрлықтық бәсекеде финалдан тоқтаған Әйгерім Сарыбай Olympic.kz айтына жарысты қорытындылап, жолдамасыз қалуының себебін түсіндірді.
"Ташкенттегі турнирге біз Алматы қаласында дайындалдық. Жаттығу барысында ешқандай қиындық туындаған жоқ, жауапты додаға сақадай сай болдық.
Жарысқа бірінші орын аламын деп аттанған болатынмын. Өкінішке қарай, үмітті ақтай алмадым.
Әр жарыс өзінше қиын ғой. Бірақ, Азия іріктеу турнирінің ауыртпашылығы - оның жауапкершілігінде. І орын алған спортшылардың Олимпиада ойындарының жолдамасына иелік ететіні психологиялық тұрғыдан өте жоғары жауапкершілікті талап етеді.
Финалда Өзбекстан елінің спортшысы менің қарсыласым болды. Олимпиада ойындарына лицензия алғым келгендіктен асығып, финалда психологиялық тұрғыдан дайын болмадым деп ойлаймын. Себебі,финал мен үшін өте маңызды әрі жауапкершілігі жоғары кездесу еді. Соңына дейін сабырлы, өзімді бірқалыпты ұстауым қажет еді.
Әр жарыс алға жылжуымызға мұрындық болатын бөлек тәжірибе", - дейді Әйгерім Сарыбай.
Естеріңізге сала кетсек, Әйгерім Сарыбай сабля бойынша сынға түсіп, финалда Зайнаб Даибековадан 6:15 есебімен жеңіліп қалды.