Триатлоннан қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында үздік ондыққа енді

Триатлоннан қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында үздік ондыққа енді

Бүгін жапондық Хатцукаичи қаласында 2021 жылдың Азия чемпионаты өтті. Сайыс 1500 км жүзу, 40 км веложарыс пен 10 км жүгіруден құралған стандартты қашықтықта өтті.

Сайысқа Жапония, Иран, Қазақстан, Өзбекстан, Сирия, Филиппин, Оңтүстік Корея, Гонконг, ҚХР және Монғолиядан келген Elite санатындағы 50 спортшы қатысты. Ерлер сайысында қазақстандықтар арасында Дарын Қонысбаев үздік шықты.

Ол жеңімпазға 6 минут 32 секунд жеңіліп, сегізінші орында (1 сағ. 55 мин. 31 сек.) нәтижесімен жарысты аяқтады. Тоғызыншы орынды 1 сағат 55 минут 42 секундта мәреге жеткен Аян Бейсенбаев иеленді.

Еліміздің тағы бір спортшысы Семен Пивоваров он тоғызыншы болды – 2 сағат 1 минут 29 секунд. Ануар Турубаев пен Александр Автушко сайысты аяқтамады. Ерлер арасындағы жүлделі орындарды күншығыс елінің спортшылары алды.

Бірінші орында 1 сағат 48 минут 59 секунд уақыт көрсеткен Кенджи Нинар болса, оған 1 минут ұтылған Такуми Ходжо күміс алды. Үздік үштікті жеңімпазға 1 минут 30 секунд ұтылған Джумпей Фуруя тұйықтады. Қазақстандық спортшы қыздар арасында бесінші болып мәреге жеткен Арина Шульгина үздік атанды. Ол 2 сағат 11 минут 6 секунд нәтиже көрсетті.

Екатерина Шабалина 2 сағат 11 минут 13 секунд нәтижесімен алтыншы орынға тұрақтады. Әйелдер санатында 2 сағат 8 минут 10 секунд көрсеткен қытайлық  Менгёнг Жонг чемпион атанды. Екінші және үшінші орынды жапондық Юка Сато (+2:22) мен Аи Уеда (+2:27) жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или