Токио Олимпиадасының қатысушыларына арналған допингке қарсы ереже жарияланды
<span>Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (БДҚА) Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарының допингке қарсы ережелерін жариялады. </span>
<span>Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің ресми сайтындағы хабарламаға қарағанда, ХОК Бүкіләлемдік допингке қарсы кодекске қол қоюшы тарап және Олимпиада ойындарының допингке қарсы ережелерін анықтайтын өкілетті орган ретінде жаңартылған кодекс пен халықаралық стандарттарға, сондай-ақ 2021 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген тыйым салынған препараттар мен әдістердің тізіміне сәйкес болуы үшін қолданыстағы ережеге түзету енгізді. </span>
<span>Жаңа ереже Олимпиаданың 13 шілдедегі ашылуынан кейін 8 тамызда жабылуына дейінгі аралықта күшінде болады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или