Семсерлесуден Қазақстан командасы лицензиялық турнирге қатысады

Семсерлесуден Қазақстан командасы лицензиялық турнирге қатысады

25 сәуір күні Өзбекстан астанасы Ташкентте семсерлесуден Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді. Алексей Писцов жаттықтыратын Қазақстан командасы Токиоға берілетін соңғы жолдамаларға таласу үшін Өзбекстанды бетке алмақ деп жазады Olympic.kz.

Лицензиялық турнирге төмендегі спортшылар қатысады:

Ульяна Балаганская, шпага

Әйгерім Сарыбай, сабля

Құлжан Түсіпбекова, рапира

Саттархан Назарбай, сабля

Темірлан Қалиев, рапира

Токио Олимпиадасына лицензия алу үшін спортшылар турнирдің жеңімпазы атануы керек. Яғни, әр қару түрінен бір жолдама сарапқа салынады.

Әзірге семсерлесуден Қазақстан командасының еншісінде бір жолдама бар. Шпагашы Руслан Курбанов әлемдік рейтингке сәйкес Токио Олимпиадасына тікелей жолдама алған болатын. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или