Томас Бах Олимпиада ұранын толықтыруды ұсынды

Томас Бах Олимпиада ұранын толықтыруды ұсынды

ХОК президенті Томас Бах әйгілі Олимпиада ұраны «Жылдам, жоғары, күшті!»-ні толықтыруды ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Томас Бах баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді.

Айта кетейік, атақты ұранның түпнұсқасы 1894 жылы бекітілген.

- «Жылдам, жоғары, күшті!» ұранын толықтыруды ұсындым. Оған «бірге» деген сөзді қосу керек. Енді ХОК мүшелері мұны талқылайды, үш айдан кейін ұран сәл өзгеруі мүмкін», - деді Бах.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или